Зейнеткер бір апта бұрын үйден шыққан және қайтып оралмаған. Туыстарының айтуынша, Алексей Алексеевич барлық құжаттары мен жол жүру картасын үйде қалдырған, бірақ қолма-қол ақшасы болған.
Зейнеткердің есте сақтау қабілетінде аздап ақау бар және көшелерді дұрыс білмейді.
Жоғалған күні А. Гапеенконың үстінде қара пиджак, сұр-қара шалбар және қара қыстық аяқ киім болған. Оның бойы - 175 см, арық, сақалы мен шашы ақ, көздері - көгілдір.
А. Гапеенконы көрген немесе ол жайлы қандай да бір мәлімет естіген адамдар болса, туыстарына 8 705 550 84 25, 8 776 167 53 14, 8 702 796 42 24 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.