Астанада есірткімен Ресей азаматы ұсталды - көліктегі ІІД

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астананың теміржол вокзалында есірткімен Ресей азаматы ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаментінен хабарлады.

Хабарланғандай, ағымдағы жылғы 16 ақпанда Астана стансысының теміржол вокзалында Ресей Федерациясының 35 жастағы азаматы ұсталып, одан тінту барысында 2,96 грамм салмақта есірткі заты - «героин» табылды.

Құрықталған азамат Астана қаласында уақытша тұрады. Қазіргі уақытта сот-химиялық сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.