«12 маусымда Астанада Есіл өзенінде 2007 жылы туған жасөспірім суға батып кетті. Бозбалалар өзеннің бір бетінен келесі бетіне жүзіп өтуге бәстескен. Алайда оқиға соңы, өкінішке қарай, жасөспірімнің суға батуымен аяқталып отыр», - делінген Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпарында.
Елордалық құтқарушылар сағат 19:02-де жеткіншектің денесін судан алып шыққан.
Осы орайда, қалалық ТЖД тұрғындарға суға түскенде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін тағы бір ескертеді.