Астанада ет өңдейтін кешен мен кондитерлік фабрика ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында Астанада ет өңдейтін жоғары технологиялы кешен мен неміс технологиясына негізделген кондитерлік фабрика іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана әкімдігінен мәлім еткендей, GlobalSilkRoad Жібек жолы елдері қалаларының мэрлері форумында елордалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен «Ерейментау Ақбас» серіктестігі меморандумға қол қойды. 

Кәсіпорын жылына 3600 тонна кондитерлік өнім, 5000 тонна ет пен дайын өнім шығарады. Өндіріс 160 адамды жұмыс орнымен қамтымақ. 

Оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі: астананы премиум-класс ет өнімдерімен қамтамасыз етеді, ҚР мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін белсенді ете түседі. Қазіргі таңда инвестициялық жоба жүзеге асырылатын жер учаскесі анықталды.