Астанада этносаясатты дамыту перспективалары талқыланды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Конституция – әділет пен парасат жолы» тақырыбында дөңгелек үстел мен кітап көрмесі өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.

Іс-шараның мақсаты — Қазақстан Республикасы Конституциясы құндылықтары аясында құқықтық және этносаяси сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қоғамдық диалогты дамыту болды. Бағдарлама аясында әділдік пен адам құқықтарын қорғауға, этносаралық келісімді және азаматтық қоғамды дамытуға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Президенттік орталықтың, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының өкілдері қатысты. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

— Пікірталас барысында этносаясатты дамыту перспективалары, Қазақстан қоғамының құқықтық және моральдық негізі ретіндегі Конституцияның рөлі қарастырылып, бірлік, әділеттілік және азаматтардың құқықтық санасын нығайтудың маңызы атап өтілді. Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, өзара байланыс орнатудағы басым бағыттарды талқылады, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жақында Мемлекеттік кеңесші этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізген еді.