Астанада ЕурАзЭҚ елдерінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудағы аймақтық интеграцияның рөлі және оны құқықтық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Бұл туралы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Шара барысында жиналғандар еуразиялық экономикалық интеграцияның аймақ елдерінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудағы рөлі және осы үдерісті құқықтық қамтамасыз ету барысы туралы, соның ішінде, Беларусь Республикасы, Қазақстан, Ресей Федерациясы Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік форматында да пікір алмасты.
Сондай-ақ, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы парламентшілерінің экономикалық ынтымақтастық саласында ұлттық заңнамаларды жақындастыруға және үндестіруге бағытталған модельді заң шығармашылық қызметіне де ерекше назар аударылды.
Қатысушылар ұсыныстары еуразиялық экономикалық интеграцияны құқықтық қамтамасыз ету сапасын арттыру мақсатында пайдаланылды.
Форум жұмысына ЕурАзЭҚ қатысушы-мемлекеттер парламентарийлері, Интеграциялық Комитет, Еуразиялық экономикалық комиссия, Ресей Федерациясы СІМ, дипломатиялық корпус, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар және сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысты.
Мәжілістің халықаралық Істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жетекшісі Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жиынға Палатаның вице-спикері Сергей Дьяченко қатысты.
Дөңгелек үстелді Қазақстан Парламенті Мәжілісі және ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы ұйымдастырды.