Астанада эвакуатормен өзгенің көлігін ұрлаған адам сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада эвакуатормен өзгенің көлігін ұрлаған адам шартты мерзімге сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық сотың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2015 жылдың наурыз айында ұрлық жасау үшін ештеңеден сезіктенбеген эвакуатордың жүргізушісімен келісіп, «Mersedes-Bens» көлігін эвакуаторға тиеп алып кеткен», - делінген соттың материалында.

Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша ер адам айыпты деп танылып, 2 жыл 3 ай мерзімге шартты мерзімге бас бостандығы шектелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.