Оған Астана мен Алматы қалаларынан, сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірлерінен оқушылар өз жұмыстарын ұсынған болатын. Жалпы, қазылардың алдына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 60-тан астам жұмыс келіп түскен.
Аталмыш тақырыпта ең үздік эссе Қарағанды облысының тумасы Мағжан Құтжанның шығармасы болып танылды. Ал ағылшын тіліндегі «Save Today. Survive Tomorrow» атты үздік ұранның авторы елордадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Гаухар Жанжолова атанды.
Жеңімпаздарды байқау комиссиясының өкілдері арнайы сыйлықтармен марапаттады. Қазылар алқасының төрағасы Қайрат Тілепалдиннің айтуынша, ел жастары баламалы энергия көздерін дамытудың мемлекеттің өркендеуіне қосар үлесі мен маңызын ұғынады. Сондықтан да болар жастар аталған байқауға белсене араласты.
Оның айтуынша, үлкен аумақты алып жатқан Қазақстан мемлекеті инновацияға, күннен, желден өндірілетін баламалы энергия көздерін дамытуға аса зор мән беруде. Бұл энергияның өзіндік құнын төмендетіп, халықтың өмір сапасын әлдеқайда жоғарылатады.
Байқау 12 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Астана қаласының халықаралық EXPO-2017 мамандандырылған көрмесін өткізуге берген ұсынысы аясында өткізілді.