4-6 шілде аралығында өтетін бірегей шара барысында ежелгі түркі халықтары музыкасының үздік орындаушылары бас қосады. Бақсылық өлеңдер, бірегей орындау шеберлігі мен жойылып бара жатқан түркі тілдес халықтардың өкілдерінің өнері - осының барлығы биылғы фестиваль қонақтарының назарына ұсынылмақ.
1 шілде күні сағат 12:00 «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» этноауылының алаңында «Астана-Арқау» фестивалінің ашылуына орай баспасөз мәслихаты өтеді.
Биыл аталмыш шараны өткізудің ерекшеліктері туралы фестиваль режиссері Бағдат Тілегенов, продюсері Асқар Омаров, «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалінің режиссері Вячеслав Гончаров және «Nomad» атты каскадерлік топ жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов баяндап береді.