АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада фармацевтикалық зауыт салынатын болды. Бұлтуралы елорда әкімі Әсет Исекешев өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
«Бүгін инвесторлармен Астана қаласында фармацевтикалық зауыт салу туралы меморандумға қол қойдық. Шетелдік инвестиция көлемі 95 млрд теңгені құрады»,- делінген хабарламада.
Қала басшысы келтірген мәліметке сүйенсек, жоба аясында 550 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Сондай-ақ, зауыт дәрілердің сан түрін шығаратын болады, оның ішінде онкологиялық ауруларға қарсы дәрілер де бар.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.