Көрме Франция-Қазақстан екі мәдени маусымының аясында өтуде. Анна де Кольбер-Христофоров - танымал француз әулеті - Кольберовтардың ұрпағы, оның әйгілі өкілі - француз саясатшысы, 1665-1683 жж. XIV Людовик мемлекетті басқарғанда қаржы министрі болған Жан-Батист Кольбер болып табылады.
Анна көркем сурет, графика саласында жұмыс істейді, иллюстрациялар жасап, өлеңдер жазады.Бірнеше поэзиялық жинақтың авторы. Парижде тұрады және сонда еңбек етеді. Анна - көптеген беделді суретшілік шығармашылық бірлестіктерінің мүшесі, Римде өткен Халықаралық думанның (1989) алтын жүлдесін; «Бернхайм сыйлығын» иеленген, (Париж, 1990), Брюггеде Халықаралық Көрмесінің үшінші сыйлығын алған (Бельгия, 1996), "Dravey" салонының күміс жүлдегері, (Франция, 2002), сондай-ақ, Ұлттық әсем өнерлер қоғамының атынан фреска үшін марапатталған (Франция, 2006), бұдан басқа да жетістіктері көп.
Аннаның күнделікті өмірден және қарапайым заттардан поэзияны байқау, шынайылық пен фантастиканы қиыстыру дарындылығы көрермен үшін оның мейірімді, сұлу, кейде өкінішті, бірақ әрқашан да үндесетін ішкі ерекше әлемін паш етеді. Анна де Кольбер-Христофоровтың еңбектері негізінен табиғатқа арналады. Ол нақты бейнелер салады: ағаштар, көбелектер, инеліктер, ауылдық және қалалық пейзаждар. Анна туындыларында өзіндік елес-қиялды, бәлкім түстерін, көңіл күйін, эмоциясын жеткізуге тырысады. Суретші үшін бір парақ қағазда немесе көркем полотнода өзінің ізін қалдыру аса маңызды.
Көрме Астанада 10 шілде - 10 тамыз аралығында өткізіледі.