Осыған орай 3 қараша сағат 20.00-де Қабанбай батыр және Тұран даңғылының Керей-Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін жол қозғалысы тоқтатылады. Тыйым салу іс-шара аяқталғанға дейін созылады. Орынбор көшесімен жолды айналып өту ұсынылады.
Футбол матчы жанкүйерлерін жинау және жеткізу арнайы рейстермен бес пункттен келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі:
1) «Қазақстан» СК көлік тұрағынан (Қажымұқан көшесі);
2) «Әзірет Сұлтан» мешітінен (Қошқарбаев даңғылы);
3) «Нұр Астана» мешітінен (шығыс жағындағы көлік тұрағы );
4) Астаналық цирктің көлік тұрағынан (Қорғалжын тасжолы);
5) Мұңайтпасов атындағы алаң көлік тұрағынан (Кенесары көшесі).
Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерден жолда мұқият болуын және жұртшылықтың пайдасына жеке жол көліктерінен бас тартуды сұрайды. Астана қалалық Халықаралық әуежайына жол жүруді жоспарлаған азаматтарға және жақын аудандардағы тұрғындарға алдын-ала баламалы жол қозғалысын жоспарлауы қажет.