Астанада футболдан белгілі журналистерді еске алуға арналған турнир өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында БАҚ өкілдері арасында Нұртілеу Иманғалиұлы, Бейсен Құранбек, Амангелді Сейітханды еске алуға арналған шағын футболдан ашық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ журналистикасының майталмандарын еске алуға арналған турнир Астана қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 37в мекенжайында футбол орталығында 12 наурыз күні өтеді.

Басталуы сағат 10:00.