Шара Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аталған шараның мақсаты - атадан мұра болып келе жатқан құндылықты құрметтеуге ықпал ететін ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Байқау 6 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл іріктеу кезеңіне 53 қалалық мектептен 159 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша гран-при жүлдесін №64 мектеп-лицейі иеленді. Ал І орын - № 60 мектеп-лицейінің; II орын - № 38 мектеп-лицейі мен № 78 мектеп-гимназиясының, III орын - №54 мектеп-лицейі, №4 мектеп-гимназиясы және №6 гимназияның еншісінде. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
11:38, 03 Наурыз 2015
Астанада «Ғасырдан - ғасырға» оқушылар байқауының жеңімпаздары анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған «Ғасырдан - ғасырға» қалалық интеллектуалдық байқауы өткізілді.