Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Барлау барысында құтқарушылар үш зардап шеккен адамды анықтады.
Олардың барлығы қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Оқиға ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса дайындайтын бөлмеде болған.
Жарылыс салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы опырылды.
Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.
Айта кетейік, «Центр плова Loft» кафесінде болған жарылыс 12 адамның өмірін қиды.