ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қалалық департаменті тұрғындарға топтық резервуарлық қондырғы (ТРҚ) арқылы газбен жабдықтау қызметінің тарифтерін төмендетті, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, елорда тұрғындары 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Астана қалалық орталық газбен жабдықтау» ЖШС-нің газбен жабдықтау қызметіне ҚҚС-ті қоса алғанда келесі тарифтермен төлейді: есептеу құралдары болған жағдайда - 1 текше метр үшін 378,11 теңге, яғни бұрынғы тарифтен (378,46 теңге) 0,35 теңгеге төмен; есептеу құралдары болмаған жағдайда - айына 1 тұрғын үшін 809,29 теңге, алдыңғы тарифтен (810,04 теңге) 0,75 теңгеге төмен.