Астанада газ иісінен екі адам уланды

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанадағы Теміржол тұрғын үй кешенінің екіқабатты жатақханасында бүгін таңғы 03:13-те бірінші қабаттағы бөлмелердің бірінен өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз орталығынан.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 7 техникасы мен жеке құрамның 33 адамы; ҚР ТЖМ ММ 1 техникасы мен 3 адамы жұмылдырылды. 10 шаршы метр аумақ отқа оранды. Салдарынан иіс тиіп уланған 28 жастағы әйел мен 22 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды.