Астанада героин өткізген 40 жастағы ер адам ұсталды

АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Астанада героин өткізгені үшін 40 жастағы ер адам ұсталды,

деп хабарлайды көліктегі Орталық ІІД баспасөз қызметі.

Қызметтік иттің көмегімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде елорданың тұрғын үйлерінің біріндегі кіреберісте Астананың 45 жастағы тұрғыны салмағы бір грамға тарта героин есірткісін К. деген азаматқа төрт мың теңгеге сатып тұрған жерінде қолға түсті.

Бұдан басқа ұсталған адамнан оралған түйіншектегі салмағы бір грамға жуық есірткі алынды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған адам уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.

Сондай-ақ Қарағанды-Сортировочная стансысындағы желілік ІІД қызметкерлері теміржол вокзалының ішінде 25 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынын ұстады, оны тінтуде темекі қорабына оралған салмағы бір грамға жуық героин есірткісі табылды. Бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.