«Достар! Сақ болыңыздар және бал ашып беремін деп, кейін гипноз арқылы ақшаңды сыпырып кететін алаяқты табуға көмектесіңіздер. Жасы шамамен 40-45 жастағы әйел адам. Денесі ірі, бойы - 165-170 см. Ұлты сыған болуы мүмкін. Үстіне көк күрте, етегі ұзын көйлек киген, шашы түссіз»,-деп жазды ол Инстаграм парақшасында.
Астана ІІД қызметкерлерінің айтуынша, күдіктіге іздеу жарияланған.
«Жедел-іздестіру шаралары қолға алынды. Қала тұрғындарын күдіктіні іздеуге атсалысып, алаяқтардан сақ болуға шақырамыз»,-дейді ведомствоның баспасөз қызметі.