Тұңғыш рет бұл жарыс жеке есепте өтпек, бірақ қалыптасқан дәстүр бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер қомақты ақшалай сыйлыққа ие болады.
І орын - 5 000 АҚШ доллары,
ІІ орын - 3 000 АҚШ доллары,
ІІІ орын - қос жүлдегердің әр қайсысына 1 500 АҚШ долларынан.
Беделді сайысқа Қазақстан, Ресей, Иран, Үндістан, Грузия, Қытай, Беларусь, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдері қатысады. Кілем қожайындары үш құраммен өнер көрсететін болады.
16 қараша күні Қазақстан күрес федерациясының президенті Серік Сұлтанғали, Қазақстан күрес федерациясының құрметті президенті Дәулет Тұрлыханов, ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов, грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Мұратбек Қасымханов арнайы ұйымдастырылатын баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап беретін болады.