«Астана-Экспо КС» көрме компаниясы мен Халықаралық «Гүлдер» көрмесі - Жалпыресейлік көрме орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған бірегей шараға Қазақстан, Германия, Италия, Колумбия, Голландия, Ресей және Эквадордың 50-ден астам флорист компаниялары қатысуда. Олардың арасында - кесілген гүлдердің аса ірі жеткізушілері, жабдықтар мен жылыжайлар, көгалдандыру мен ландшафттық дизайнмен айналысатын компаниялар бар.
Көрменің мақсаты - гүл шаруашылығында, бақтар мен саябақтар құрылысында, ландшафттық сәулет пен көгалдандыру кәсібінде әлемдік тәжірибелермен бөлісу, өндірушілер мен тұтынушыларға ақпарат алмасу алаңын ұсыну, қатысушылардың тауарларын перспективалы нарыққа жылжыту және Қазақстанда гүл бизнесін дамытуға жәрдемдесу.
Шара аясында халықаралық деңгейдегі флористер Қазақстанда алғаш рет шоу-көрсетілімдер қойып, шеберлік сабақтар өткізді.