11:11, 29 Сәуір 2009
Астанада «Ғылым мен білім - 2009» конференциясы басталды
АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым мен білім – 2009» IV Халықаралық конференциясы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жастардың биылғы ғылыми мәжілісі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық одақ құру идеясын жариялағанына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Конференцияға Алматы, Арқалық, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Семей және тағы басқа қалалардан, барлығы 500-ден астам студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар қатысуда. Мәжілістің пленарлық отырысында шетелдік ғалымдар баяндама жасауда.