Форумның басты мақсаты - Қазақстанда рентген-радиология қызметін дамыту мәселелерін қарастыру, сонымен қатар, жаңа технологияларды дамыту. Радиологияның маңызды мәселелері барынша кеңінен талқылануда. Әлеуметтік маңызды аурулар: жүрек және қан тамырлары патологиясы, өкпе туберкулезі, сүт бездерінің қатерлі ісігі, тірек-қозғалтқыш аппараты аурулары, остеопороз және радиациялық қауіпсіздікті диагностикалау тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Шараны ұйымдастырушылар - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Астана қаласының медициналық университеті» АҚ мен Қазақстан радиологиялық қоғамы.