Бұл туралы astana.kz сайтына елорда әкімдігінің Мемлекеттік филармониясынан хабарлады.
Ерекше дауыс иесі Роза Жаманова 1953 жылдан бастап Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жеке орындаушы ретінде керемет көркемдік бейнелерді сомдаған. Ол опера спектакльдерінде жетекші партияларды орындаған: Аида (Дж. Верди «Аида»), Виолетта (Дж. Верди «Травиатта»), Мими (Дж. Пуччини «Богема»), Татьяна (П. Чайковский «Евгений Онегин»), Жібек (Е. Брусиловский «Қыз Жібек»), Ажар (А. Жұбанов, Л. Хамиди «Абай») және т.б.
Айта кетейік, Роза Жаманованың есімі Қазақстанда опера өнерінің гүлденуімен тығыз байланысты. Ол отандық және әлемдік опера туындыларының арияларын үлкен шеберлікпен орындап, өнерсүйер қауымның шынайы сүйіспеншілігіне бөленді.
Роза Жаманованы еске алуға арналған кеш - бұл оның дарындылығын мойындау, құрметпен еске алып, ізет көрсету.
Халық әртісі Роза Жаманованы еске алу кеші 5 ақпанда сағат 19:00 «Назарбаев орталығының» концерт залында өтеді.