Аталған шара барысында атом энергетикасы, тау-кен ісі, металлургия, машина жасау, энергетика және экология секілді өзара байланысатын салалардың ортақ мәселелері, даму перспективалары жайында әңгіме болатыны күтілуде.
Халықаралық форум негізінен төрт көрме бойынша ұйымдастырылып отыр. Олар : «Атомдық энергетика және өнеркәсіп», «Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау», «Тау-кен ісі металлургия, машина жасау», «ЭкоТехнологиялар және ЭкоҚызметтер». Көрмеге Австрия, Германия, Қазақстан, Литва және Ресей елдерінен 70-тен астам компания қатысуда. Оның ішінде дүниежүзілік атам саласының «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Росатом» АЭМК секілді гранттарынан басқа, шетелдік жетекші ірі компаниялар да атсыласып отыр. Сонымен қатар, форум шеңберінде «Теңізшевройл» ЖШС ірі мұнай шығарушы компания ретінде өзінің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бағдарламаларын ұсынбақ.
Форум жұмысына сәйкес «Қазақстандағы атом саласының жағдайы және оның даму перспективалары» атты тақырыпта халықаралық конференция да бүгін өз жұмысын бастады. Жиынның мақсаты бүгінгі күнгі атом энергетикасын пайдаланудың әдістемелік, техникалық, экологиялық және әлеуметтік қырларын, сондай-ақ Қазақстандағы атом саласын дамытудың келешегін талқылау болып табылады.