Астанада халықаралық «Шабыт» фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 3-8 қарашада XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі өтеді. Бүгін байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталды, деп хабарлады astana.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Халық музыкасы» аталымы бойынша ең көп өтініш көрші Қытай мемлекетінен келіп түскен. Ал республика бойынша қатысушылардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Шымкент облыстарынан.

Биыл жастар «Халық музыкасы» және «Камералық хор» жаңа аталымдары бойынша бәсекеге түседі. Шара соңында дәстүр бойынша Президент Кубогы табысталады. «Шабыт» фестивалінің бас жүлдесі - лауреат дипломы, медаль мен 250 000 теңге құрайтын жүлде қоры.