Астанада Халықаралық шай фестивалі өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кезекті Халықаралық шай фестивалі өтті. Осы шараға Корей және Түрік мәдениет орталықтары, сондай-ақ университет жанындағы Конфуций институты қатысты.

Ежелден адамдар шәйдің дәмдік сапасымен қатар, пайдалы ерешеліктері бар екенін біледі. Дегенмен де шай тек қана сусын емес, сонымен қатар қарым-қатынастың, достық кездесудің дәстүрлі элементі, көптеген ұлттық мәдениеттердің бір бөлігі болып табылады.

Фестиваль аясында қатысқандар ұлттық шайдың түрлерін таныстырып, мәдени ұжымдарының концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды.

Айта кетейік, осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл шара барысында елордадағы мәдени орталықтардың өкілдері Астана тұрғындарына түрлі елдердегі шай ішу мәдениетін таныстыруда. Биылғы шай фестивалі «ЕҰУ дәстүрлермен біріктіреді» ұранымен ұйымдастырылып отыр.