Гала-концертке құрметті қонақтар ретінде Астана қаласындағы Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері шақырылды. Оған «Жеңіс жолдарымен» фестивалінің өңірлік іріктеу турларының жеңімпаздары, оның қатарында Қазақстанның және ТМД елдерінің жоғарғы оқу орындарының студенттік хор және би ұжымдары, жекелеген орындаушылар, мәнерлеп оқушылар қатысты. Концертте 250-ден астам жас дарын өз өнерлерін көрсетті.
Гала-концерт халықаралық шығармашылық алаңы болып табылады. «Көркем сөз» номинациясы бойынша Бішкек, Омбы және Астана қаласының мәнерлеп оқушы жастары өз тілдерінде монолог оқыды. Астана қаласының би ұжымы Қырғызстан мен Қазақстанның екі хореографының бірлескен авторлық жұмысын іске асырды. Қазақстандық ЖОО-ның студенттік хорының жинақтауымен Баку, Минск және Санкт-Петербор солистерінен ерекше шығармашылық альянсы құрылды. Кеш қонақтары үшін соғыс жылдарындағы атақты әндер шырқалып, сахнада таныс образдар көрсетілді. Сондай-ақ, концертке қазақстандық шығармашылық бірлестіктері де қатысты.
Айта кетейік, «Жеңіс жолдарымен» халықаралық жастар шығармашылығы фестивалінің ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.