Астанада халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесі ойын-сауық кешенінде ашылды
ХҚКО-ның ең алғашқы келушілерінің бірі - Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Қайрат Жаңабергенов болды. Ол өзіне электрондық цифрлық қолтаңба алды.
ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы Бақыт Әбішевтің айтуынша, ХҚКО бөлімшесінің ашылуы тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді қалаған уақыттарында алуға мүмкіндік береді.
ХҚКО өкілдігі аптасына 6 күн, таңғы 10.00-ден кешкі 21.00-ге дейін қызмет істейді. Бұл бөлімшеде ХҚКО ұсынылатын қызмет түрлерінің бірқатары көрсетілетін болады. Олардың қатарында - мекенжай анықтамасы, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, әскери есепке тіркеу және шығару секілді қызмет түрлері бар.