Астанада «Хазірет Сұлтан» мешітін салу кезінде 20 жастағы жұмысшы биіктіктен құлады

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - 1 маусымнан 2 маусымға қараған түні Астана қаласында салынып жатқан «Хазірет Сұлтан» мешітінің құрылыс жұмыстарын атқару кезінде 3-ші қабаттағы биіктіктен «Рысты» ЖШС-нің 20 жастағы жұмысшысы құлады.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.