Астанада ХҚО қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға Электрондық үкімет порталымен жұмыс жасауды үйретті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Халыққа қызмет көрсету орталығы мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасады. Осының арқасында мүгедек жандар үйде отырып, орталық қызметіне жүгіне алады. Жыл басынан бері ХҚО мобильді тобы 88 жанға қызмет көрсетті, деп хабарлады astana.kz

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, ХҚКО қызметкерлері жүріп, тұра алмайтын жандардың үйіне барып, орталық ұсынатын мемлекеттік қызмет түрлері туралы кеңестер беріп, олардың құжаттарын реттеуге көмектесті. Сонымен қатар, олардың компьютерлік сауатын ашып, қызмет түрлерін пайдалана алуы үшін Электрондық үкімет порталымен жұмыс істеуге үйретті, делінген хабарламада.