Оның сөзіне қарағанда, қазір ВАДА-да ережелерге өзгерістер енгізілді.
«Жыл сайын айыппұл көлемі ұлғайып. Болашақта бұл қыруар сомаға айналуы мүмкін. Көптеген елдер өз заңнамаларын өзгерте бастады, жазалардың ішінде спортшыларды қамауға алу да бар. Мұндай заң Германияда бірнеше ай бұрын қабылданды. Ресейде де осындай заң әзірленіп жатыр. Жазалау шаралары күшейтіледі, сондықтан сіздерді допингке қарсы күресуге шақырамын», - деді ол.
Атап өтейік, Ненад Лалович спорттық күрес тарихында алғашқы болып ХОК мүшесі атанды.
Күрес түрлері бойынша Азиялық лицензиялау турнирі Астана қаласныда 18 - 20 наурыз аралығында өтеді, онда Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға 36 жолдама ойнатылады. Жарысқа 20-дан астам елдің спортшылары қатысуда.