Астана әкімдігінің сайтының хабарлауынша, елордалық «Барыс» Нижнекамсктің «Нефтехимик», Қазанның «Ак Барс», Тольяттидің «Лада» командаларымен шеберлік байқасады.
Автобустар сағат 18.00 «Қазақстан» спорт сарайының (Қажымұқан к-сі) тұрағында және «Нұр Астана» мешітінің (шығыс жағындағы тұрақ) жанында тұрады.
Арнайы рейстік автобустармен жүру ақысы қоғамдық көліктердің жолақысының құнымен бірдей, жол жүру билеттері жарамсыз.
Матчтан кейін жанкүйерлер шаттлдарға «Барыс Арена» стадионының тұрағынан отыра алады.