Астанада хоккейден ерлер арасында шешуші ойындар өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстан» спорт сарайында ерлер арасындағы шайбалы хоккейден ойындардың жабылуы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, 11-16 қараша аралығында еліміздің 9 облысынан келген ерлер командалары арасында ойындар өткен болатын. Мандат комиссиясының шешімімен командалар екі топқа бөлінді.

«А» тобы

1. Астана

2. Қостанай облысы

3. Алматы облысы

4. СҚО

«В» тобы

1.ШҚО

2.Қарағанды облысы

3. Ақмола облысы

4. Алматы

5. Павлодар облысы

Командалар кездесуінің соңында, «А» тобының көшбасшысы Астана командасы болса, «В» тобының мықтысы Шығыс Қазақстан болып анықталды. Астана командасы өз тобында үш ойын өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 

«А» тобы

Астана-СҚО 6-0

Астана-Алматы облысы 21-1

Астана-Қостанай облысы 15-5

 «В» тобы

ШҚО-Павлодар облысы 4-3

ШҚО-Алматы 7-0

ШҚО-Ақмола облысы 12-2

ШҚО-Қарағанды облысы 6-2

Бүгін шайбалы хоккейден ерлер командалары арасында шешуші ойындар өтеді.