Астанада Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда қанды оқиғаларын еске алды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда» тақырыбында фото-көрме өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркі академиясы халықаралық ұйымына (TWESCO) сілтеме жасап.

Әзербайжан елшілігінде өткен жиында Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.



Шараның ашылу салтанатында Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Рашад Маммадов, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гүнай Ефендиева, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқымбаев пен Астана қаласының бас раввині Шмуэль Карнаух сөз сөйлеп, адамзат тарихындағы жантүршігерлік жағдайлардың енді қайталанбауын тіледі.



Көрмеде жоғарыда аталған қанды оқиғалардың тарихи сирек фотолары ұсынылып, Қожалы геноцидіне арналған әннің тұсауы кесілді. 

Шара ұйымдастырушылары - Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігі және Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры. Қолдау білдіргендер - TWESCO, ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институты, Израильдің Қазақстандағы елшілігі.

Соңғы жаңалықтар