Оның мақсаты - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазған жазушы Ілияс Есенберлиннің әдеби мұрасымен таныстыру және оны насихаттау, жас ұрпақты әдебиет әлемінің рухани мол қазынасынан нәр ала білуге баулу, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Қазақ халқының тарихы мен тұрмысын көркем тілмен жеткізе білген І.Есенберлиннің тарихи шығармалары арқылы жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жəне көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Конференцияға Астана қаласы Білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздары және 8-11-сынып оқушылары қатысады.
Іс-шара барысында әдебиеттану кабинетінің тұсаукесері өткізіледі.
Конференция жұмысына І. Есенберлиннің немересі Мағжан Қозыкөрпешұлы Есенберлин, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ҚР Мемлекет тарихы институтының ғалымдары, Атбасар, Көкшетау қалалары мұражайларының қызметкерлері, Мәдениет саласының қайраткерлері қатысады.
Пленарлық мәжіліс барысында жазушының өмірбаяны мен шығармашылығын зерттеу, сонымен қатар Ілияс Есенберлин мұрасының сақталуы туралы мәселелер қарастырылып, талқыланады.
Астана қаласы мектептерінің оқытушылары мен оқушылары арасында жазушы шығармашылығын зерттеудегі жаңа ізденістер мен жолдарды анықтау жөнінде мағыналы және жемісті пікір алмасу күтіледі.