Астанада І халықаралық сәулетшілер форумы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Тәуелсіздік сарайында Қазақстандағы І халықаралық сәулет форумы өтті. Форумға қала құрылысының 200-ден астам маманы, оның ішінде Еуропа және ТМД мамандары қатысты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Еліміздің алдыңғы қатарлы архитектуралық бюролары мен жобалық ұйымдары алғаш рет көрмелер мен шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Форум С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ архитектуралық факультетінің студенттері аталған оқу орнының 50 жылдығына орайластырылды. Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков өз сөзінде сәулетшілердің арқасында елордамыз күннен күнге көркейіп, ұлттың рухани жаңаруының символына айналғанын айтты. Форум барысында сәулетшілер өзара тәжірибе алмасып, қала экстерьеріндегі жаңа технологиялық шешімдерді, қазіргі заманғы архитектуралық жобалауда инновациялық технологияларды қолдану жайын талқылады. Форумның негізгі тақырыбына заманауи технологиялар мен материалдарды құрылыста пайдалану мүмкіндігі арқау болды. Дания, Германия, Бельгия, Украина, Австрия, Ұлыбритания және Қытай компанияларының өкілдері сәулет нарығындағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Форум қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, қатысушылар шараны келер жылы тағы да өткізу бастамасын қолдады. Жарты ғасырдың ішінде ҚазАТУ архитектуралық факультетін 2000 жуық маман бітіріп, елімізде және шетелдерде архитектуралық бейнелерді қалыптастыруға өз үлесін қосты және қосып та келеді.