Мыңдаған астаналықтар мерекеге аталарының суреттерін ұстап шықты. Мерекелік шеру «Қазақ елі» монументінен басталды. Басқа адамдар колоннаға жол-жөнекей қосылып отырды. Сөйтіп, Отан қорғаушылар мемориалына жеткенше «Жаужүрек полктің» ұзындығы бір шақырымнан асып кетті.
Шеруге Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басшысы Абай Байгенжин де қатысты. Оның әкесі - Қабатай Байгенжин Ақмола облысында жасақтаған 29-шы атқыштар дивизиясының құрамында соғысқа аттанған.
«Оларды бірден Сталининградқа жіберді. Сол жерде 1942 жылы әкемнің өкпесіне оқ тиген. Жарақаты ұзақ уақыт жазылмады. Оны жарты жылдан кейін кері қайтарды. Дегенмен, 1943 жылы ол тағы соғысқа сұранды. Содан оны Владивосток жақтағы резервке жіберді. Олар Жапония жақтан келетін қауіп-қатерді бақылап отырды. Әкем әскери қызметін батальонның кіші саяси жетекшісінен бастады. Соғыс аяқталғанда капитан болды. Полктің бас саяси жетекшісі қызметіне дейін жетті», - деді А.Байгенжин ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.
Оның айтуынша, Қабатай Байгенжин соғыстан кейін балалар үйін, одан кейін мектепті басқарды. Зейнетке шықты. Бірақ ұзақ жасай алмады. Соғыс кезінде алған жарақаты сыр берді.
Айта кетейік, бүгін Ұлы Жеңіс күніне орай Үкімет пен Парламент басшылары Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойып, салтанатты шараға жиналған ардагерлермен сұхбаттасты.
Ал «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Ұмытылған батырлар» атты республикалық акцияның басталғанын жариялады.