Биыл қатысушылар жоғары бiлiм беру саласындағы жаһандық ахуал және оның аймақтағы әсерi тақырыбында талқылаулар жүргiзедi.
Шараның ресми ашылуында ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Ербол Орынбаев, ҚР Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов, Назарбаев Университетiнің президентi Шигео Катсу болды.
Форум екi күнге жалғасады. Алқалы жиынға жоғары бiлiм саласының ең беделдi топ менеджерлерi, ғалымдары, сонымен қатар 30-дан астам мемлекеттiң үкiмет өкiлдерi мен саясаткерлерi келiп отыр.
"Биылғы жылы бiз бiлiм берудiң жаһандық даму бағыты, жоғары бiлiм берудегi стратегиялық көшбасшылық, университеттердiң дамуы, басқарылуы және жауапкершiлiгi тақырыбы таңдалды. Себебi бұл мәселенi аса маңызды деп санаймыз. Бiз үшiн елдегi өзге университеттермен тәжiрибе алмасу басым бағыттардың бiрi болып табылады", - деп атап өтті шараның ашылу салтанатында Назарбаев Университетiнiң президентi Шигео Катсу.