мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ресми қолдауымен, II Халықаралық «KazMeat&Milk-2011» мал шаруашылығы форумы өтеді, деп хабарлады «ҚазАгhомаркетинг» АҚ баспасөз қызметі.
Форум қонақтарын «Radisson SAS Hotel» қонақүйі қарсы алады. Форумға қатысушылар арасында АҚШ, Канада, Еуропа, Австралия мен Океанияның іскерлік сала өкілдері, сонымен қатар отандық жетекші мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілер болады.
Форумның уақыт талабына сай өткізілуі мен өзектілігі сөзсіз. Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының алдында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін айтарлықтай көбейтіп, әлемнің жетекші ет экспорттаушы елдерінің қатарынан орын алу елеулі міндеті тұр. Бұл мақсаттарға жету үшін бүгіннің өзінде республикада асыл тұқымды орталық-репродукторлар құрылып, асыл тұқымды мал әкелінуде, заманауи мал бордақылау алаңдары салынуда. Шаруа қожалықтарының дамуына да мән берілуде. Сонымен қатар аймақтарда ірі қара малды қолдан ұрықтандыру, малды бірдейлендіру, ауылға ветеринар мамандарды тарту жұмыстары жалғасуда.
Форум аясында мал шаруашылығы саласының даму мүмкіндіктері, мал шаруашылығы өнімі нарығының инфрақұрылымы, мал шаруашылығы саласының тиімділігін арттырудың негізгі факторлары талқыланады. Мал шаруашылығы кешендерін, құрал-жабдықтарын, ветеринарлық препараттарды өндірушілер отандық мал шаруашылығы қожалықтарының дамуы мен қайта жасақталуына септігін тигізетін өз өнімдерін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің назарына ұсынады.
Мал шаруашылығының дамуында етті таза тұқымды ірі қара мал қауымдастықтарын құруға айтарлықтай мән беріледі. Мұндай ұйымдардың қызмет тәжірибесімен форумға қатысушыларды Германия, Канада, Австралия және Жаңа Зеландиядан келген сарапшылар таныстырады. Таза тұқымды етті ірі қара мал бойынша отандық қауымдастықтардың қызметі алгоритмі «Қазагромаркетинг» АҚ жетекшілігімен қазақстандық қауымдастықтар өкілдерінің, асыл тұқымды мал шаруашылықтары басшыларының, халықаралық сарапшылардың қатысуымен «дөңгелек үстел» барысында талқыланады.