Астанада иіс тиіп уланған 4 адам ауруханаға түсті - ТМЖ

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада бүгін түнде 4 адам иіс тиіп уланып, ауруханаға түсті. Бұл оқиға жеке тұрғын үйдегі пештің дұрыс тартпауы салдарынан орын алған,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Келеңсіз оқиға сәрсенбіге қараған түні, шамамен сағат 02.58-де, Жангелдин көшесі, 44/4 жеке үйде болған. «Пештегі ақаудың салдарынан иіс тиіп уланған 4 адам ауруханаға жеткізілді», - делінген ведомствоның хабарламасында.