Астанада иіс тиіп улану салдарынан бір әйел мен екі бала ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - 5 мамыр күні сағат 05:00-де Астана қаласының Алматы ауданындағы Иманов көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан 38 жастағы әйел мен 10 және 16 жасар екі бала иіс тиіп, ауруханаға жеткізілген.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.