Астанада иіс тию салдарынан ер адам көз жұмды, тағы үш адам ауруханаға жатқызылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада иіс тию салдарынан ер адам көз жұмды, тағы үш адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Бүгін түнде Астанадағы Пригородный кентінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде 34 жастағы әйел, 18 жастағы бозбала және 2009 жылғы бала иіс тиіп уланды.

 Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Иіс тию себебі - қатты отынмен жанатын пеш ақаулығы.

Бейсенбі, 13 желтоқсан күні Пушкин көшесінде орналасқан «Восточный» қоғамындағы гараждың ішінде тұрған «Сеат» көлігінде иіс тиіп уланудан метр болған 34 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.