Жарыстың барлық қатысушыларына медальдер мен дипломдар, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табысталмақ. Сонымен қатар турнирден кейін жас спортшыларды Астананың көрікті жерлерінде серуендету шарасы жоспарланып отыр. «Бүгін балалар тоғыз салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынайды. Турнирдің басты мақсаты - ауыр атлетиканы және спортты Қазақстанда кеңінен насихаттау. Лондондағы Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеті алтын жүлденің төртеуі ауыр атлеттеріміздің еншісінде болды. Спорттың осы түрі бойынша жоғары талаптар қойылуда және біз бұл нәтижені келесі Олимпиадаға дейін ұстап тұруға талпынамыз», - деді Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті Геннадий Морозов. Сонымен қатар ол спорттың осы түрі бойынша дайындалып жүрген спортшыларға қажетті құрал-жабдықтар жаңартылғанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, еліміздің әр облысында өңірлік федерациялар ашылып, бапкерлер мен спорт медицинасы қызметкерлеріне жағдай жасалды.
13:38, 08 Маусым 2014
Астанада Ильин мен Подобедованың ізбасарлары тартысқа түсіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ауыр атлетикадан турнир басталды. Бұл сайыста Астана қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан ең төменгі жас аралығындағы (1999-2000 жылы туғандар және бұдан да кішілер) ауыр атлеттер тартысқа түсуде.