Астанада Иманбаева көшесі жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Шолпан Иманбаева көшесіндегі қозғалыс 24-25 қыркүйек күндері жабық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жөндеу жұмыстары А.Бараев көшесінен Жәнібек Тархан көшесіне дейін жалғасады. Тұрғындар мен қала қонақтары жолда кептеліс тудырмау үшін алдын ала өздерінің бағыттарын жоспарлап алуы қажет.