«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір режимінде индустрияландыру бағдарламасы аясында нысандардағы өндірісті және жобалар құрылысын іске қосады», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, сапа саласындағы жетістіктер үшін «Алтын сапа» ҚР Президентінің Сыйлығын табыстау салтанаты, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтеді.