Астанада инфекция ошағы ауыздықталды - Денсаулық сақтау министрі

АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Барлық қызметтердің үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында, Астанада А/H1N1 тұмауының ошағы ауыздықталды,

деп  мәлім етті  Денсаулық сақтау министрі Жақсылық   Досқалиев    журналистерге  берген сұхбатында. 

«Бүгінде  доңыз тұмауымен  ауыру  оқиғалары  тіркелген  алғашқы 6 адам карантиндік бақылаудан  алынды.     Оларқа қоса, тағы 7 адам біздің  бақылауымызда  қалды.  Құдай сақтап,  олардың  аурулары жеңіл  формада болып  шыққан.     Ешқайсысының  өміріне  қауіп төніп тұрған   жоқ»,  деді   ведомство басшысы өз сөзінде.