ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт толығымен 1 сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ «Апаттық медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы және ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 26 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.
Өрт болған жерден «Тұрмыс» ЖШС-нің 26 жасар электршісі мен 28 жастағы әйелге иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді. 7 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды. 5 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.