Астанада инклюзивті білім алушыларға арнайы жабдықталған кабинет ашылды

Фото: Фото: Астана қаласының әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицейінде Астана қалалық білім басқармасы және «Самұрық-Қазына» компаниясы өкілдерінің қолдауымен инклюзивті білім алушылар үшін арнайы жабдықталған кабинеттің ашылу салтанаты өтті. «Бар мейірім балаға» деген атаумен өткен іс-шараға ата-аналар белсенді қатысып, игі іске атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Инклюзия — ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Ал, инклюзивті білім беру — әртүрлілікті, тарқата айтсақ, әр түрлі қажеттіліктер мен қабілеттерді, оқушылар мен қауымдастықтарды оқытудағы сипаттамалар мен үміттерді ескере отырып, барлығына сапалы білім беруді қамтамасыз етуге, кемсітушіліктің барлық нысандарын жоюға бағытталған жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицей мектебінің басшылығының айтуынша үздіксіз процес нәтижелі жалғасын табуы үшін биылғы оқу жылында аталған мектепте барлық оқушыға қолайлы жағдай жасалған. Оның ішінде ерекше оқушыларға арнайы кабинеттер жасақталды.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Онда заманауи арнайы құрал-саймандар, әдістемелік-практикалық құралдар мен қысқасы не керектінің бәрі бар. Ендігі жерде балалар қүрылғылардың көмегімен айналаны танып-біліп, білімін жетілдіре алады.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Бүгінгі іс-шарадан оқушылардың жүздері жарқырап, өздері үшін жасалып жатқан игі істі қуанышпен қабылдап жатқанын эмоцияларынан-ақ аңғару қиын болмады. Сондай-ақ, ата-аналардың тарапынан да мектеп ұжымына деген шынайы ықыластары байқалды.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Ата–аналардың бірі Ұлжамал Жандарқызы игі іске мұрындық болған жандарға ризашылығын білдіріп, барлық ата-ананың атынан алғысын жаудырды.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

«Әрине, мұндай игі істің біздің мектебімізде жүзеге асып жатқаны - қуантарлық шаруа. Көзімізден қуаныштың жасы шығып, мәз-мейрам болып жатырмыз. Ерекше балалар үшін жасалған әр іс сауапқа толы екенін айтқым келеді. Бұл ретте, осы маңызды жұмысқа атсалысқан барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Жалпы, соңғы жылдары елімізде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға барлық қолайлы жағдай жасалып жатқанын атап өткен жөн. Сәйкесінше, ерекше балалар өздерін қоғамнан оқшау сезінбей, қалыпты өмір сүруге бейімделіп келеді», — деді ол.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Айта кетейік, елімізде инклюзивті білім беру саласында психологиялық-педагогикалық қолдаудың 3 деңгейлі моделі енгізіледі.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Әуелі педагог баланың жеке ерекшеліктерін ескеріп оқытады. Нәтиже бермесе, арнайы мамандар жұмылдырылмақ.

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі