– Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп дропперлік әрекеттердің қауіптілігі мен құқықтық салдарын түсіндіретін қысқаметражды фильм түсірілді. Аталған туынды мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында көрсетілді. Сонымен қатар жастарға интернет-алаяқтықтан қорғану жолдарын түсіндіруге арналған төрт форум ұйымдастырылды, - деді спикер.
Сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында интернет-алаяқтық тақырыбында эссе байқауы өткенін де тілге тиек етті. Оның басты мақсаты IT-қылмыстардың алдын алу және цифрлық сауаттылықты дамыту.
Жалпы жыл басынан бері алаяқтықтың кең таралған түрлері мен одан қорғану тәсілдері туралы 79 бейнеролик әзірленіп, 24 мыңнан астам ақпараттық жадынама таратылған. Бұдан бөлек, тұрғындардың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру үшін 412 дәріс өткізілген.
Айта кетейік, Қазақстанда интернет-алаяқтықтан келетін шығын 20 млрд теңгеге жетті.